Алаң жиегіне дәрет сындырған футболшы қызыл қағаз алды
АСТАНА. KAZINFORM – Перу кубогында ойыншылардың бірі матч кезінде алаң жиегіне дәрет сындырып, әдепсіз әрекеті үшін алаңнан қуылды.
«Канторсильо» мен «Атлетико Авахун» командалары арасындағы Перу кубогының екінші кезеңінің алғашқы кездесуі 0:0 есебімен аяқталды. Ал, «Атлетико Авахун» командасының ойыншысы Себастьян Муньостің ерсі қылығы кездесудің 72-минутында орын алды. Десе де, он ойыншымен қалған «Атлетико Авахун» командасы қақпасына доп өткізбей, тең есепті сақтап қалды.
Айта кетейік, ойыншының бұл әрекетін бас төреші көрмеуі де мүмкін еді. Алайда «Канторсильо» командасының ойыншылары төрешінің назарын сол жаққа бұрып, ақыры дегендеріне жетті.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін қоғамдық орында дәрет сындырған елордалық азаматқа айыппұл салынғанын жазған едік.