10:19, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алаңда Қазақстан әнұраны ойналмағаны үшін Уэльс футбол қауымдастығы жауап береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уэльс футбол қауымдастығы (FAW) әйелдер арасындағы ЕУРО-2017 іріктеу кезеңі матчы алдында техникалық себептерге байланысты Қазақстан әнұраны ойналмағаны үшін тәртіптік жазаға тартылады.
«Би-би-си» атап өткендей, матч алдында Уэльс гимні ғана орындалған. Ал бұл өрескел қателік. Әзірге Уэльс футбол қауымдастығы түсінік беруден бас тартып отыр. Еске салсақ, әйелдер арасындағы ЕУРО-2017 іріктеу кезеңіндегі матчта Қазақстан құрамасы Уэльстен 0:4 есебімен ұтылып қалды. Матч «Хаверфордуэсте «Бридж Медоуде» өтті.