14:45, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Алапат дауыл 300 адамның өмірін қиып кетті
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Филиппинде болған Бофа дауылынан қаза тапқандар саны 300-ден асты.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, сейсенбіде елдің орталық және оңтүстік аймақтарына соққан дауыл кезінде 400 адам жараланған, 300 адам жоғалғандар санатында, деп хабарлайды «Азаттық».
Дауылдан Компостела мен Давао Ориенталь провинциялары қатты зардап шеккен. Қаза тапқандардың 220-сы - осы аймақтардың тұрғындары. Филиппин үкіметі 190 мың адамның қауіпті аймақтарда орналасқанын, кей аудандарда электр жарығы жоғын айтады.