Алапат дауыл: Австралияда мыңдаған үй жарықсыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Квинсленд штатында дүлей дауыл ойран салып жатыр. Күшті жел 1,5 мыңнан астам тұрғын үй мен көшедегі электр желілерін қиратты, деп хабарлайды 24.kz.
Қазір мыңдаған отбасы жарықсыз отыр. Жергілікті билік желдің күші 5 балға жеткенін айтады. Енді жақын арада су тасқыны болу қаупі бар. Сол себепті билік тұрғындарды үйден шықпауға шақырады.