Алапат дауыл салдарынан 70-тен астам филиппиндік балықшы із-түссіз жоғалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мучжигэ» тайфуны салдарынан кем дегенде 71 филиппиндік балықшы із-түссіз жоғалған, деп хабарлады жексенбі күні Таиландтың The Bangkok Post басылымы.
Филиппин азаматтық қорғанысының мәліметтерінше, елдің солтүстік-батысында кем дегенде 16 кемемен байланысқа шығу мүмкін болмай отыр. Іздеу-құтқару жұмыстарына полиция, жағалаудағы күзет және әскер жұмылдырылды.
«Мучжигэ» дауыылының екпіні сағатына 180 шақырымға жетеді. Тайфун солтүстік-батыс бағытта сағатына шамамен 19 шақырым жылдамдықпен ауысып отыр.