Алапат дауыл Вануату астанасын қиратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алапат «Пэм» дауылы Вануату астанасы Порт-Вилада 90 пайыздан астам ғимаратты қиратты, деп хабарлады BBC.

Алапат дауыл Вануату астанасын қиратты

Қызыл Крест өкілдерінің айтуынша, апат елдің жекелеген аудандарының күл-талқанын шығарған.

Құрбандар туралы нақты дерек жоқ. Хабарламаларда қаза болғандар саны сегізден 44 адамға дейін деп мәлімделіп жатыр. Алайда құтқарушылар елде аралдардың көп болуына орай, құрбандар санының еселей түсетінінен қауіптенуде.

Мыңдаған адам уақытша лагерьлерге орналастырылды.

Дауыл Вануатуға жеткенде, оның күші бес балл деп бағаланды. Желдің жылдамдығы сағатына 270 шақырымға жеткен.