Алапат көшкінге байланысты «Дакар» -2017 тоғызыншы кезеңі тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алапат көшкінге байланысты «Дакар»-2017 ралли-рейдінің кезекті кезеңі тоқтатылды, деп хабарлады AFP, марафон ұйымдастырушыларына сілтеме жасап.

 Алапат көшкінге байланысты «Дакар» -2017 тоғызыншы кезеңі тоқтатылды

Толассыз жауған нөсер салдарынан пайда болған алапат  көшкіндерге байланысты жарыс ұйымдастырушылары Аргентинаның Сальта және Чилесито қалаларында өтеді деп жоспарланған, 406 шақырымға созылатын арнайы аумағы бар тоғызыншы кезеңді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін ралли-рейдтің Боливиядағы алтыншы кезеңі де ауа райынвң қолайсыздығынан тоқтатылған еді.

Парагвай, Боливия және Агрентинада өтіп жатқан "Дакар"-2017  қаңтардың 14-інде Буэнос-Айресте аяқталады.