Алапат өрт күре жолдағы 20 көлікті отқа орады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияда өрт салдарынан күре жолда 20 автомобиль жанып кетті, тағы 10-ы зақымданды, деп хабарлайды жергілікті билік орындарына сілтеме жасаған CNN телеарнасы.

Алапат өрт күре жолдағы 20 көлікті отқа орады

Сан-Бернардино қаласы маңындағы Каджон Пасс ауданында шыққан табиғи өрт күре жолға да тараған. Сондай-ақ бес үй түгі қалмай өртеніп кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіретін тікұшақ тартылды.

Жалын тілі 8,4 мың гектар жерді жалмап кетті.

Жайық
Ұқсас жаңалықтар

Орынбордағы Иреклі қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі қайта көбейді