Алапат жел, апатты жағдайда әлемдегі ең үлкен ұшақты қондыра алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Airbus A380 лайнерінің Германиядағы Дюссельдорф әуежайына шұғыл түрде қонған шағы YouTube-де нағыз хитқа айналды.
Видеода ұшқыштың жолаушылар өмірін сақтап қалудағы көзсіз ерлігі анық байқалады. Ғаламшардағы ең алып ұшақтың қонуына бүйірден соққан күшті жел бөгет жасаған.
Тап осы уақытта Германия аумақтарында дауыл басталған еді. Жел Airbus-ты шайқап оны бағытынан өзгерткен.
Дегенмен бір екі рет қауіпке толы маневр жасаған ұшқыш алып машинаны аман-есен қондыра алды.
Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.