Алаш арыстарының тағдыры жайлы кітап жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, белгілі алаштанушы ғалым, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлының «Алаш - темірқазық» атты жаңа кітабы шықты. ЕҰУ баспасынан жарық көрген бұл жинаққа ғалымның әр жылдарда берген сұхбаттары топтастырылған.
None
None

Д.Қамзабекұлының бұл сұхбаттары бір ғана тақырыпқа - өзі жеріне жеткізе зерттеген Алаштану мәселелеріне арналған. Алаш арыстарының өмір жолы, соңында қалдырған мол мұрасы, олардың мұрағаттардан табылған белгісіз құжаттары, ұрпақтарының бүгінгі тағдыры жөнінде қызықты мәліметтер молынан қамтылған. Сондай-ақ, бұл әңгімелерден танымал ғалымның азаматтық позициясы, өзіндік ұстанымы анық аңғарылады. Оның тиянақты тұжырымдары тәуелсіздік рухы, ел мұраты, ұлт танымы хақындағы байлам-байыптамалармен әдіптелген.

Осы уақытқа дейін Д.Қамзабекұлының «Смағұл Сәдуақасұлы», «Руханият», «Алаш және әдебиет», «Ағартушылық және әдебиет», «Пайым», «Алаштың рухани тұғыры», «Түркістан алқасы» атты кітаптары жарық көрген. Енді солардың қатары «Алаш - темірқазық» атты тағы бір құнды қазынамен толықты.

Соңғы жаңалықтар