«Алаш елі: кеше, бүгін және ертең» атты ғылыми-қоғамдық конференция өтеді

«Алаш елі: кеше, бүгін және ертең» атты тақырыпта ғылыми-қоғамдық конференция өткізіледі деп хабарлайды «Жастар үні» қоғамдық бірлестігінен.
Конференция барысында жастарға т.ғ.докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев және жас саясаттанушы-сарапшылар қоғамдық дәріс оқиды.
Конференцияның негізгі мақсаты - Қазақ елі бүгінгі күнде әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет болды, ата-бабаларымыздың ұлы арманы мен мақсаты орындалды. Сондықтан біртұтас тұрақты еліміздің өткені, бүгіні және келешегі туралы жас азаматтарымызға кеңінен талдау, алаш баласы мен бабасын аңсауға жетелеген Ұлы тәуелсіздік құндылығына тұшымды дәлел-дәйек пен сындарлы көзқараспен тоқталу, қоғамдық зайырлы әлеуетті қалыптастырудағы тарихи даму маңыздылығын анықтау және оның басымдықтарын көрсету болып табылады.
Конференция отырысына қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ЖОО студенттері мен оқытушылары, отандық ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.