Алаш идеясы - ұлттық идея, ол күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ - Тұрсын Жұртбай

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Алаш идеясы - ұлттық идея, ол күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ.

Алаш идеясы - ұлттық идея, ол күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ - Тұрсын Жұртбай

«Аманат» интеллектуалдық пікір-сайыс клубының ұйымдастыруымен елордада өткізілген «Әлихан Бөкейханов және Алаш идеясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында жазушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай осылай деді.

«Алаш идеясы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың ұлттың толықтай бостандығы жолындағы ұстанған идеологиясы қазақ ұлты өмір сүріп тұрған шақта күн тәртібінен түспейді деп ойлаймын», - деді өз сөзінде Тұрсын Жұртбай.

Дөңгелек үстел барысында «Алаш» идеясының өзекті бес тармағының маңызды мәйектері талданды. «Алаш» идеясының өзегі болған ұлттық демократиялық мемлекет құру, ұлт бостандығы идеологиясы, рухани және экономикалық тәуелсіздік, дін мен тіл, тәуелсіз ғылымға негізделген дәтүрлі сот құрылымын қалыптастыру бастамаларына тарихи баға беріліп, күні бүгінге дейін маңыздылығын жоймаған Алаш қозғалысының ұлттық мүддемен ұштасқан көзқарасы аталмыш дөңгелек үстелдің арқауы болды.