«Алаш» институты Ә.Бөкейханның өмірі туралы монографияның 2 томын шығарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Алаш» ғылыми-зерттеу институты 2016 жылы қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов туралы монографияның алғашқы 2 томын шығарады. Бұл туралы бүгін Астанада «Әлихан Бөкейхан және ұлт руханияты» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды.

Институт директоры Сұлтанхан Аққұлұлының айтуынша, Әлихан Бөкейханұлы үнемі Жапония мемлекетінің даму тәжірибесін зерттеген екен.
«1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі зерттеулерін оқып қарасақ, Алаш қайраткерлері ХХ ғасырдың басында, ХІХ ғасырдың екінші жартысында феодалдық артта қалған самурайлық мемлекеттен қазіргі Жапонияның айналдырған 21 жылдың ішінде әлемдегі ең дамыған қуатты елге айналу тәжірибесін ден қойып зерттеген. Осы Жапонияның және Батыс Еуропаның дамыған елдерінің тәжірибесі негізінде Алаш қайраткерлері бүгінгі қазақ елін сол 25 жылдың ішінде әлемнің ең озық, ең мәдениетті, аграрлық-өнеркәсіптік индустриалды мемлекетке айналдыруды нақты жоспарлаған. Әлиханның 1910 жылғы «Қазақтар» атты тарихи-анықтамалық очеркіне назар аударсаңыз, қазақтар жапондардың тәжірибесіне 1904-1905 жылғы жапон-орыс соғысы кезінде қатты қызыққан. Сол кезде орыс газеттерінде үнемі жеңіске жете берген жапон офицерлерінің, жапон императорының портреттерін жариялай бастаған»,-дейді институт директоры.
-Сұлтанмахмұт Торайғыровтың немесе Мұхтар Әуезовтің еңбектерін қарасаңыз, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында немесе 1868 жылы Жапонияның қазақ елінен ешбір артықшылығы болған жоқ. Демек, біз 21-25 жылдың ішінде сол Жапонияны басып озбасақ та, одан кем болмайтын елге айналуға толық мүмкіндігіміз бар деп жазып кеткен. Олардың нақты мақсаты қазақ елін ширек ғасырдың ішінде әлемнің төріне шығару еді,-дейді С.Аққұлұлы.

Соңғы жаңалықтар