Алаш қайраткерлерінің арманы елімізде әлі толық жүзеге асырылып болған жоқ - Рымжан Мәжитқызы

АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алаш қайраткерлерінің арманы елімізде әлі толық жүзеге асырылып болған жоқ. Оны Сәкен Сейфуллиннің туысы Рымжан бүгін Алматыда өткен «Азалы тарихқа айрықша тағзым» деп аталатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кешінде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Сәкен 28 жасында үкімет басқарды. Жастарсыз өз мақсатымызға ешқашан жете алмаймыз, деп 1200 талапты жасты Мәскеу, Ленинград сияқты қалаларға оқуға жіберді. Орынбордағы 10 бөлмелі пәтерінің біреуінде ғана тұрып, қалғанын Сәбит, Ғабит сияқты білім алып жатқан жастарға босатып берді. Азанда тұрғанда да ең алдымен солардың тамақтануын қадағалап, олардан қалғанды ішіп жұмысына баратын. Мен ол кісінің қолында 6 жасыма дейін тұрдым. Оның қалай тұтқындалғанын өз көзіммен көрдім», дейді Рымжан Мәжитқызы. Оның айтуынша, Алаш қайраткерлерінің арманы елімізде әлі толық жүзеге асырылып болған жоқ. Бес арыстың өзіне мәдениет пен ғылымның орталығы саналатын Алматыда күні бүгінге дейін бірде-бір ескерткіш қойылмаған. Қазақтың ұлттық аграрлық университетінде 51 жыл сабақ берген ғалым зиялылардың белсенділігінің төмендігіне қынжылатынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттік тілімізді өз дәрежесіне көтере алмай отырғанымыз да елдігімізге едәуір сын, деді ол.
Соңғы жаңалықтар