Alash Pride төрешілердің шешіміне қарсылықтарын жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Alash Pride FC клубының басшылығы қазақстандық Арман Оспанов (8-2) пен ресейлік Алексей Полпудников (25-4-1) жекпе-жегіндегі төрешілер шешіміміне қарсы екендерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл туралы Alash Pride FC клубының Инстаграмдағы парақшасында айтылды.

«Құрметті, жанкүйерлер! Біздің команда да төрешілер шешімімен келіспейді. Онымен АСВ президенті Маирбек Хасиев те келіспейтінін айтты. Себебі, Арман денсаулығының нашарлағанына қарамастан, осы жекпе-жекке шығып, өте нәтижелі ұрыс жүргізді. Қарсыласын бірнеше рет тейкдаунға түсіріп, бірнеше рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңді. Алайда, төрешілер біз ғана емес, аренадағы мыңдаған көрермен, миллиондаған телекөрермендер күтпеген шешім шығарды. Қазіргі уақытта Мәскеудегі біздің басшылық АСВ басшылығымен Арман Оспанов-Алексей Полпудников жекпе-жегіне қатысты сұрау салып жатыр. Нәтижесін кейін хабарлайтын боламыз!», - деп делінген хабарламада.  

Соңғы жаңалықтар