Алаш жұрты Орал Мұхамеджановты ақтық сапарға шығарып салды

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алаш жұрты қаймана қазақтың қабырғасын қайыстырып, ауыр науқастан көз жұмған мемлекет және қоғам қайраткері - Орал Мұхамеджановты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды 24.kz сайтынан.
None
None

Қаралы жиынға зиялы қауым, билік өкілдері, Орал Байқонысұлының үзеңгілес әріптестері, шәкірттері мен жерлес достары қатысты. Қоштасуда ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Орал Байқонысұлы - қандай қызмет атқарса да, іскерлігімен, жауапкершілігі, адамгершілігі және парасаттылық қасиеттерімен танылды. Соның нәтижесінде, Мәжіліс жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, халқымызға қажетті маңызды заңдар қабылдауға зор ықпал етті», - деп атап өтті. Орал Байқонысұлы 65 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол 1948 жылдың 11 қарашасында Қостанай қаласында дүниеге келген. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген саясаттанушы ҚР Парламент Мәжілісінің 3-4-шақырылымдарының төрағасы болды. Оған дейін ел Үкіметіне, ҚР Президентінің әкімшілігінде түрлі қызмет атқарды. Соңғы қызметі - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты. Абзал азаматтың көзін көріп, бірге қызметтес болғандар оның ел үшін атқарған игі істерін ілтипатпен еске алды.

"Осындайда қазақ халқы «Бейнесі жарқын, кеудесі нұрлы жанның жанары өшсе де, жақсы ісі бітпейді, жарығы өшпейді» деген. Орал Байқонысұлының есімі ел есінде, ұрпақтар жадында, зиялы-зияткер, көрнекті қайраткер ретінде мәңгі сақталады. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!" - деді И. Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар