«Алашорда» деректі фильмі алғаш рет елордалықтардың назарына ұсынылды

СТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада алаш көсемдерінің өмірі мен қызметіне арналған «Алашорда» деректі фильмі алғаш рет елордалықтардың назарына ұсынылды.
None
None

Фильм көрсетілімі алдында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Ербол Шаймерден «бүгін ел тарихындағы ерекше күн. Тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргіні бір адамның емес бүкіл елдің, халықтың қасіреті болғандығын ешқашан естен шығармауымыз қажет», десе, ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров министрліктің тапсырысымен жасалған деректі фильмді түсіру барысында қазақ тарихына қатысты тың деректер, құжаттар, сондай-ақ бірқатар жәдігерлердің табылғандығын атап өтті. «Бұл халқымыздың рухани өміріне қосылған көркемдік тұрғыдағы туынды», деп қорытты сөзін ол.

Деректі фильмнің режиссері Қалила Омаровтың айтуынша, түсірілім Алматыда, Орынборда, Санкт-Петерборда, сондай-ақ Алаштың астанасы болған Семей қаласында жүргізілген. «Фильмнің басты жаңалығы Орынбордан Алаш қайраткерлерінің өмірі өткен екі ғимарат табылды. Оның бірінде Ахмет Байтұрсынұлы тұрған және сол үйдің жертөлесінде «Қазақ» газетінің редакциясы болған. Ол үй әлі күнге дейін тұр. Екіншісі 1-2-ші жалпы қазақ съездері өтіп, «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы дүниеге келген қарашаңырақ. Осы екі ғимаратта деректі фильмге түсірілді», дейді ол.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген деректі фильм қазақ тілінде, ұзақтығы - 52 минут. Түсірілім жұмыстары 2008 жылдың қаңтары мен 2009 жылдың ақпан айларында өткен.

Соңғы жаңалықтар