Алатау ақпараттық технологиялар паркінде қазір барлық әлемдік ақпараттық компаниялардың өкілдіктері бар - С. Ахметов

АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Алатау ақпараттық технологиялар паркі еркін экономикалық аймағын кеңейту мәселесі қазір Үкіметтің күн тәртібінде тұр. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан І Халықаралық инвестициялық форумында айтылды.

Алатау ақпараттық технологиялар паркінде қазір барлық әлемдік ақпараттық компаниялардың өкілдіктері бар - С. Ахметов

«Осыдан 4 жыл бұрын Ақпараттық технологиялар паркі еркін экономикалық аймағын құрған кезде 150 гектар жерге инвестиция мен кәсіпорындарды қалай тартамыз деп ойлаған иедік. Қазір онда бос жер жоқ. Инвесторлар жағдай жасайтынымызға сенді. Енді алдымызда ақпараттық технологиялар паркін кеңейту мәселесі тұр. Әлемге әйгілі компаниялар қазақстандық компаниялармен бірлесіп өз қызметтерін жүзеге асыруда. Онда барлық әлемдік ақпараттық компаниялардың өкілдіктері бар. Жаңа өнімдер тек Қазақстанға ғана қажетті болмайды», - деді ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов. Үкімет басшысының айтуынша, қуатты шығармашылық әлеуеті бар Алматы үшін Ақпараттық технологиялар паркінің маңызы зор. Онда инновациялық технологиялардың трансферті жүзеге асуда.