Алатау ауданында 400 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді - Алматы

Ы. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданында жаңа №167-ші балабақшаның салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
None
None

Республикалық «Балапан» бағдарламасының аясында қолданысқа беріліп отырған бұл мекеме Алатау ауданындағы 4-ші балабақша болып табылады. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовпен бірге, Алатау ауданы әкімі Бағдат Мәнізоров және басқалар қатысты. Шара барысында қала әкімі мерекеге қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

«Жаңадан ашылып отырған бұл балабақша 400 бүлдіршінді қабылдай алады. Енді кем дегенде 2-3 жыл көлемінде біздің балабақшаға деген мұқтаждығымыз болмайды. Ғимарат барлық санитарлық және басқа да талаптарға сай салынған», деді Б. Мәнізоров.

2 қабатты балабақша 9 ай көлемінде салынып біткен. Ал оның құрылыс жұмыстарына бөлінген 660 млн. теңге толығымен игерілген.

Соңғы жаңалықтар