Алатау ауданында жер көлемі 345 гектарды құрайтын Индустриялық аймақ құру көзделіп отыр - аудан әкімі Б.Мәнізоров

/strong>Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыдағы Алатау әкімдігі аппаратында Елбасының биылғы Жолдауы талқыланды,

Алатау ауданында жер көлемі 345 гектарды құрайтын Индустриялық аймақ құру көзделіп отыр -  аудан әкімі Б.Мәнізоров

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында аудан әкімі Бағдат Мәнізоров Президентіміздің 2020 жылға дейінгі ұлан-ғайыр міндеттерді тұжырымдаған Ұлттық стратегиясы мемлекетімізді толағай табыстарға жетелейтінін, ұлтымызды сол табыстар жолында топтастыратын тарихи құжат болып табылатындығын жеткізді.

«Елбасымыз Жолдауында ел экономикасының тұрақты дамуына қол жеткізу үшін жедел индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамытуды атап өтті. Осы орайда, бүгінгі таңда Алатау ауданында жер көлемі 345 гектарды құрайтын Индустриялық аймақ құру көзделіп отыр. Индустриялық аймақта отандық және шетелдік инвесторларды тарта отырып қазіргі заман талаптарына сәйкес өндіріс орындарын ашу жоспарланған. Бүгінгі күннің өзінде 40-тан астам өнеркәсіп орындары жаңа өндіріс орындарын ашуға ұсыныс білдіріп үлгерген. Бұл өз кезегінде аудан мен қала тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қаматамыз етпек», дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар ол Елбасы Жолдауындағы еңсесі биік, болашағы жарқын елге айналу үшін бірнеше қағидаттарды негізге алуға шақырды.

«Біріншіден, біздің ең басты құндылығымыз - ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан! Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі мүмкін кез келген қадамдарға бармауы тиіс. Үшіншіден, экономикалық өрлеу - әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. Бұл - қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа бастаудың кілті.
Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарықпен ықпалдасу - дамудың аса маңызды шарты. Міне, баршамыз осы қағидаттарды ұстанатын болсақ, әрбір азаматтың болашағы зор, әл-ауқаты мол елге айналатынымыз анық», деді Б.Мәнізоров.