Алатау ауданындағы әлеуметтік мәселелерді шешу жолы талқыланды

         АЛМАТЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов өзекті мәселесі әлі де көп Алатау ауданының жұртшылығымен кездесті,

Алатау ауданындағы әлеуметтік мәселелерді шешу жолы талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Шараға  қалалық денсаулық, білім, мәдениет, ішкі саясат басқармаларының бастықтары қатысып, аудандағы әлеуметтік мәселелер бойынша аудан жұртшылығына есеп берді.

 Бүгінде 18 елді мекеннен құралған ауданда 158 300 адам тұрады.Олар үшін әлеуметтік сала басты мәселенің бірі. Қазір ауданда 16 орта мектеп, 1 жоғары оқу орны, 1 республикалық дәрежедегі спорт мектебі, 5 балабақша жұмыс жасауда.Сондай-ақ тағы 2 балабақша, 1 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде.Алайда бұл аудан халқы үшін жетіспейді. Мәселен №26, №169, №156, №149 мектептерде бала саны 2 есе артық. Бірқатар мектептер мен балабақшалар күрделі жөндеуді қажет етеді.Сыныптар стандартқа сай емес.Мектеп айналасындағы жол белгілері талапқа сай емес, осының салдарынан өткен жылы 9 бала көлік апатына ұшыраған.Сондай-ақ 1 емхана, 5 медициналық қосын жұмыс істеуде.Алайда бұл да аздық етіп отыр.Сондай-ақ санитарлық- эпидемиологиялық салада да бір арнаға түспеген мәселелер көп. Мәселен, ауызсудың жоқтығынан ауданда түрлі аурулар өршіп отыр.Отырыс барысында аудан әкімі осы мәселелерді көтеріп, қала деңгейінде шешуге көмек көрсетуін сұрады.Отырыс барысында қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бұл мәселелердің жоспарлы түрде шешілетінін атап өтті.Оның айтуынша, бірқатар салалар бойынша қазіргі кездің өзінде-ақ қаржы қарастырылған.