Алатау ауданының әлеуметтік-экономкалық мәселелерін шешуге 5 миллиард теңге қаржы бөлінді - А.Есімов

         АЛМАТЫ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат/Ерлік Ержанұлы/ - Биыл Алматы қаласының Алатау ауданында  жыл соңына дейін 1 мектеп, 2 балабақша, 1 көпсалалы емхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алатау ауданының 1 жылдық мерейтойында айтты, 
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Қала басшысының айтуынша, жыл басынан бері Ұлжан шағын ауданында 1200 орындық мектеп, Шаңырақ -1 шағын ауданында 120 орын балабақша ашылған.

         «Биыл Әйгерім шағын ауданында  1200 орындық  мектеп, Ұлжан шағын ауданында 340 орындық, Шаңырақ- 2 елдімекенінде 280 орындық балабақша, Шаңырақ-2 шағын ауданында бір мезгілде 200 адамды қабылдай алатын көпсалалы емхана пайдалануға беріледі. Биыл аудандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге   5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр», деді Ахметжан Есімов.

         Оның айтуынша, аудандағы заңсыз басып алынған жер телімдері мен үйлерді заңдастырған соң аудан халқы 25 мың адамға ұлғаймақ.

Соңғы жаңалықтар