Алатау ауданының қауіпті аумағында салынған 1400-дей үйдің иелері баспанасыз қалмайды -Алматы әкімі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
А.Есімов ол уақытта тұрғындардың көбі заңсыз жер телімін басып алғандықтарын және олар бұл қадамға еріксіз барғандықтарын жеткізді. «Жұрттың көпшілігі алаяқтардың аладуына түскен еді. Қазір алаяқтар ұсталып, заңмен жазаланды. Бірақ онымен тұрғындардың жағдайы жақсармайтыны белгілі, сондықтан мәселені зерттеп, көп ізденіп, оны қоғамдық кеңесте талқылап, соның нәтижесінде 4,5 мың заңсыз басып алынған жер телімдері анықталынып оның 3 мыңнан астамы заңдастырудың жолын тауып, шешім шығардық», дейді қала әкімі. Сонымен қатар ол қалған 1400-дей заңсыз салынған үйлер қауіпті аймақтарда орналасқандықтан оларды заңдастыруға келмейтіндігін айтты. «Адамдар тұруға қауіпті аймақтарды аралап шығып, біз тағы бір үлкен шешімге келдік. Қалған тұрғындардың біраз бөлігіне арнайы қаражат бөлу арқылы жаңадан үй салып, заңдастыратын боламыз. Басқаларына инвесторлардың қаражатына жаңа үйлер салынып, «Саялы» ықшам ауданындағы сияқты жалға беріледі», деп атап өтті өз сөзінде Ахметжан Есімов.
Сондай-ақ ол «Сақ қорғаны» маңындағы жерлерді Мәдениет министрлігінің келісімін алғаннан кейін ғана заңдастыратындығын айтып өтті.