Алатау ауданының тұрғындары 5 жылда 40 мың адамға көбейді

АЛМАТЫ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Халқының өсуі жағынан Алатау ауданымен республиканың бірде-бір ауданы теңесе алмайды. Оны Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін «Халық» спорттық ойын-сауық кешені паркінде аудан тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаған кезде айтты.
None
None

«Бұл күн Алатау ауданы үшін ерекше күн. Құрылғанына биыл 5 жыл толғалы отырған ауданда осы уақыттың ішінде көп жұмыстар жасалды. Оған мемлекеттен 70 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жүздеген шақырымға су, жылу, электр, газ жүйелері тартылып, жолдарға күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан салынды. Сондай-ақ қаншама балабақша, емханалар ашылды», - деді А.Есімов. 5 жылда халқы 40 мыңға көбейген ауданның көрсеткішімен республикада бірде-бір аудан теңесе алмайды. Бұл ауданның келешегі зор екенінің нақты айғағы бола алады. Сондықтан шаһар басшысы аудан тұрғындарының деніне саулық, отбасына амандық, еңбектеріне үлкен табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар