Алатау қаласына 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады

АСТАНА. KAZINFORM — Аталған қаржыға 50-ден астам жоба жүзеге асырылады. Бұл жөнінде Алатау әкімі Аркен Өтенов Мемлекет басшысының Alatau City жобасына қатысты тапсырмаларын іске асыру жөніндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Алатау
Коллаж: Kazinform / Gov.kz / Freepik

— Қазір бізде жалпы құны 2 триллион теңгеге жуық 50-ден астам инвестициялық жоба бар. Бүгінде олардың жүзеге асырылуы әртүрлі сатыда. Сонымен бірге, мемлекет бірінші кезекте инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөледі. Ол үшін өзіміздің құны 300 млрд теңгелік жол картасы қабылданған. Соған сәйкес, инфрақұрылымды өркендету жұмыстары жүріп жатыр, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алатау қаласына арнаулы құқықтық мәртебе берілгенін жазғанбыз.