23:12, 06 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Алатау қаласында синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді
ҚОНАЕВ.KAZINFORM — Алматы облысының жаңадан құрылған Алатау қаласында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 29 жастағы ер адам ұсталды.

Облыстық полиция мәліметіне сәйкес, ер адамды тінту кезінде ішінде ұнтақ заты бар 143 орам табылған.

— Зертханалық зерттеулер қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 156,18 грамм «Alfa PVP» синтетикалық препараты екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кеткен жөн, 156 грамм тәркіленген заттың жалпы құны 3 миллион 150 мың теңге тең.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада сотталған адамға кәмпит ішіне жасырылған есірткі өткізбек болған азаматша ұсталғанын жазғанбыз.