Алатау қаласындағы төтенше жағдай режимі 1,5 айдан кейін алынды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының Алатау ауданында қоқыс полигонындағы ірі өртке байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін алып тастау туралы шешім қабылданды.
«Ашық НҚА» порталында 18 қыркүйектен бастап енгізілген техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жою туралы қала әкімдігінің шешімінің жобасы жарияланды.
Құжатта ТЖ режимінің алынуы «қызметті жүзеге асыруға және шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді» деп көрсетілген.
Еске салайық, Алатау қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бір аптаға жуық өрт болды.
Ірі өртке байланысты Алатауда жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.
Алматы облысы экология департаменті бұл полигон жабылуы мүмкін екені хабарлады. 2023–2025 жылдар аралығында нысанда бірнеше мәрте экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы тіркелген.