Алатауда қар көшуі ықтимал

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 13-17 сәуір аралығында Алматыда таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алатауда қар көшуі ықтимал

«Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 13 сәуірдегі мәліметі негізінде қар жамылғысының биік болуына жəне қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты Алматы жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 13- 17 сəуір аралығында қар көшкіні күтіліп отырғанын екертеді», -делінген хабарламада.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі қарлы тау бөктеріне шықпауды ескертті.