«Алау» мұз айдынында жаппай сырғанақ тебу шарасы өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай «Астана ЭХРО-2017» Ұлттық компаниясы жаппай мұзда сырғанау іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды 24.kz.

«Алау» мұз айдынында жаппай сырғанақ тебу шарасы өтті (ФОТО)

«Алау» мұз айдынында өткізілген шара қала тұрғындары мен қонақтарының конькимен сырғанау жарысында бақ сынаудан басталды.

Жүз метр аралықты бағындырудағы басты талап - жылдамдық. Сыннан сүрінбей өткендер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұдан бөлек, көңілді хоккейшілер, арқан тарту мен қаппен жүгіру сынды сайыстар өтті. Ал балаларға арналған ойын аймағында кәсіби аниматорлар түрлі қойылымдар қойып, білікті хореографтар бидің қыр-сырын үйретті.

Бағдарламаның соңында мерекелік дастархан жайылып, жиналған қауымға үлкен торт ұсынылды.