«Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан ҚР чемпионаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16-17 наурызда «Алау» мұз сарайында кіші, орта және ересек жастағы жасөспірімдер арасында конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан ҚР чемпионаты өтеді

Жарыстың ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв Дирекциясы.

Чемпионат бағдарламасында 500 м, 1000 м, 1500 м және 3000 м қашықтықтар беріледі.

Аталған қашықтықтарда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарының, Астана және Алматы қалаларының конькишілері күш сынасатын болады.