«Алау» жазғы форматта жұмыс істейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні, 23 шілдеде «Алау» мұзайдын сарайы жазғы режимде жұмыс істеуге көшеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары бадминтон, үстел теннисін және шағын гольф ойнай алады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Жазғы орталық аумағында ұзындығы 400 метрлік ролик тебуге арналған жол салынды. Ал коньки тебуді ұнататындар үшін жабық мұз айдыны бар.
Орталық күн сайын жұмыс істейді, дүйсенбі - демалыс. «Алау» мұзайдын сарайында жеңілдіктер жүйесі де қарастырылған: 5-тен 12 жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлер мен ІІІ топтағы мүгедектерге 50% жеңілдік жасалады. Ал 5 жасқа дейінгі балалар, І және ІІ топтағы мүгедектерге, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға және балалар үйінің тәрбиленушілері үшін кіру тегін.
Жаздың алғашқы айында көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан 250 бала «Алау» сарайында демалған.
«Алау» жазғы спорт орталығы ыстық күнде демалуға болатын ең жақсы орындардың бірі.