01:15, 30 Желтоқсан 2019 | GMT +5
Алаяқ Маңғыстаудағы мұнай компаниясына жұмысқа орналастырам деп 7 адамды алдаған
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының Қандыағаш ауылының тұрғыны мұғалжарлық жерлестерін жұмысқа орналастырамын деген желеумен алдап кеткен.
Тұрғындарды әрқайсысы алаяққа 105 мың теңгеден берген, деп хабарлайды lada.kz.
Қаржыны жинап алған соң алаяқ жерлестеріне Ақтауға бара беру керектігін, вокзалда оларды тиісті адамдар күтіп алатындығын айтқан.
Алайда жерлесіне сенген мұғалжарлықтарды Ақтауға барғанда ешкім күтіп алмаған. Олар ауылдарына кері қайтуға билет алуға мәжбүр болған. Алданған азаматтар еліне келе сала полицияға шағым түсірген.
Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүрігізіліп жатыр.
Күдікті жасаған қылмысын мойындады.
Алаяқтың осы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Мұғалжар аудандық полиция бөліміне хабарласулары керек.