Алаяқ Оңтүстік Кореяға жұмысқа жіберемін деп түркістандықтардың 92 млн теңгесін жымқырған

АСТАНА.KAZINFORM — Түркістан облысында Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналастырамын деген желеумен тұрғындардың 92 миллион теңгесін жымқырған алаяқ сотталды. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады. 

Алаяқ  Оңтүстік Кореяға жұмысқа жіберемін деп түркістандықтардың 92 млн теңгесін жымқырған
Фото: pasport.online

— Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс визасын жасап беремін деп алдап, 92 020 000 теңге ақшаларын алып алған, — делінген хабарламады.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетелік алаяқтарға аударылған ақшаны қалай қайтарып алуға болатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар