Алаяқтан сақ болайық: ШҚО-да полиция ерекше бастаманы қолға алды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында полицейлер ерекше бастаманы қолға алды.

сүт
Фото: telegram.org/k/POLICE_of_KZ

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сүт өнімдерінің қаптамаларына «Алаяқтардан сақ бол» деген жазуы бар арнайы QR-кодтар орналастырылды. 

Алаяқтан сақ болайық: ШҚО-да полиция ерекше бастаманы қолға алды
Фото: telegram.org/k/POLICE_of_KZ

Кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар облыстық полиция департаментінің ресми парақшасына өтіп, қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады.

— Біздің мақсатымыз – әр отбасыға үн қату. Біз күнделікті тұтынылатын өнімдер арқылы әрекет етудеміз. Бұл – қарапайым, ыңғайлы әрі тиімді тәсіл, – деді ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Д.Камалханов.

Бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және киберқылмыстың алдын алуға бағытталған.

ШҚО-дағы 89 бөгет күрделі жөндеуді қажет ететінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар