Алаяқтар 117 635 106 теңгені иеленіп кеткен - Алматы қаржы полициясы

МАТЫ. 10 тамыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласының экономикалық қылмыспен және жемқорлықпен күрес департаменті ЖШС -тердің бірінің үш жетекшісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабының 3-ші тармағымен (алаяқтық бойынша) қылмыстық іс қозғады.

Алаяқтар 117 635 106 теңгені иеленіп кеткен - Алматы қаржы полициясы

Олар жылыту қазандығының құрылысын саламыз деп келісімге отырып, 117 635 106 теңгені заңсыз иеленіп кеткен.

Бұнымен қатар, аталмыш департамент басқаның мүлкінн иеленіп және сеніп тапсырылған затты талан-таражға салғандығы үшін АҚ филиалының бухгалтері К. есімді азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 176 бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ол жалған құжаттар жасап, 5 312 000 теңгені ұрлаған.