Алаяқтар Алматы әкімінің атынан жалған хабарлама таратып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімдігі қала басшысы Ерболат Досаевтың атынан қазақстандықтарға WhatsApp мессенджерінде жалған хабарлама жіберілгенін ескертті.

WhatsApp мессенджерінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан тұрғындарға жалған хабарламалар келген. Алаяқтар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ басқа да нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалып жатыр.
– Ресми түрде хабарлаймыз: Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламаларды тарату мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер. Мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер және күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер. Егер осындай хабарлама алсаңыздар – құқық қорғау органдарына жүгініңіздер, - делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Ерболат Досаевтың атынан WhatsApp-та жалған ақпарат тарап, фейк аккаунттар ашылған еді.