Алаяқтар елімізге миллиардтаған шығын әкеледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов жалған есепшот-фактурасын жасау арқылы мемлекетке миллиардтаған шығын әкелген алаяқтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мәселен, елордада Перетьятко басшылық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Олар 10 жыл бойы заңсыз операция жүргізіп келген. Еліміздің түрлі өңірлерінен 3 мыңнан астам компания оның клиенті болған. Заңсыз қызмет салдарынан келген шығын шамамен 4 млрд теңгені құрайды. Оның шамамен 1,5 млрд теңгесі өтелді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар тергеу амалдары барысында Атырау облысында Дәулетярованың, Алматыда Төреқұлованың ұйымдасқан қылмыстық тобының әрекетіне тыйым салынған. Тек алматылық алаяқтың бір өзі шамамен 4 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған.

«Жалпы бұл салада 19 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Айта кетерлігі, соңғы 5 жылда алғаш рет қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейі 38 пайызға төмендеп отыр», - деді Жанат Элиманов.


Соңғы жаңалықтар