Алаяқтар енді Air Astana-ға жұмысқа кіргізіп беремін деп алдайтын болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Air Astana жалған жұмыс ұсынған алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алаяқтар енді Air Astana-ға жұмысқа кіргізіп беремін деп алдайтын болған
«Делдалдар көмегімен Air Astana әуекомпаниясына жұмысқа кепілмен орналастырып беремін дейтін жалған хабарландырулардың жиілеп кеткенін ескертеміз. Мұндай хабарландырулар мен қызметтер заңсыз» дейді компанияның баспасөз қызметі.

Air Astana жұмысқа орналасудың көпсатылы процесінде транспаренттік пен адалдық қағидаларын ұстанады.

Қазіргі кезде ұсынылып жатқан жұмыс орындары job.airastana.com сайтында жарияланып, тек осы ресми сайт арқылы жіберілген түйіндемелер қарастырылады.