Алаяқтар қазақстандықтарға Алматы облысы әкімі атынан жазып жатыр

фейк
Фото: Астана прокуратурасы

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының әкімдігі тұрғындарға өзін облыс әкімімін деп таныстыратын алаяқтардың әрекетіне сенбеуге шақырды.

«Мессенджерлерде алаяқтар өздерін облыс әкімімін деп таныстырып жатыр. Тұрғындардан мұндай хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерді баспауды сұраймыз. Аталған факті Қонаев қалалық полиция басқармасында тіркелді. Қазір тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында процессуалдық тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері атынан жалған ақпарат тарап жатқаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар