Алаяқтар Мәскеу тұрғынына цемент зауытының акцияларын 104 млн. рубльге сатқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отбасылық жұп Мәскеу тұрғынына Ресейдің цемент зауыттарының бірінің акцияларын 104 млн. долларға сатты.
Бірақ алданған әйел үш жыл ішінде не акцияларды, не ақшаны алмаған, деп хабарлады дүйсенбі күні Мәскеу ІІМ-нің басшысы.
Ведомствоның мәліметтері бойынша, 2011 жылдың 20 наурызында ерлі-зайыптылар әйел адамға тиімді бағамен Ресейдің цемент зауыттарының бірінің акцияларын сатып алуды ұсынған.
« Әйел келіскен, келесі күні күдіктілерге тиісті 104 млн. рубльді аударған. Алайда, оған акциялар берілмеген және ақша да қайтарылмаған», - делінген хабарламада.
2014 жылдың мамырында алданған әйел полицияға арызданған. Көп ұзамай күдіктілер ұсталып, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады РИА-Новости.