Алаяқтар месенджерлерде антикор басшыларының атынан аккаунт ашқан

Пәтер алып берем: оралдықтарды 7,5 млн теңгеге алдаған алаяқ сотталды
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM - Алаяқтар мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) антикор басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді.

Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз.

Осындай фактілер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз" делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар