Алаяқтар зейнетақы қорының қызметкері болып хабарласуға көшкен

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандайда бір банктік шотты толтыруды сұрайтындар қоңырау шала бастады. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоңырау шалушылардың айтуынша, зейнетақы шоты сот ісін жүргізуге өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады екен. Егер сіз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалады-мыс», - делінген хабарламада.

Қордың баспасөз қызметі мұндай қоңыраулар БЖЗҚ қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді және мұндай жағдайда әңгімені тоқтатуды сұрайды.

«Сондай-ақ, мына заң тармақтарын естеріңізге саламыз: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 50-бабы 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 98-бабы 14-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды. Демек, сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуы мүмкін емес. Сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды!» - деп көрсетілген Қор мәлімдемесінде.


Соңғы жаңалықтар
telegram