Алаяқтарға көбіне жасы келген кісілер мен әйелдер алданып жатады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы сауаты жайлы сауалнама нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық алаяқтықтың ең көп тараған түрлерінің бірі - телефонарқылы(34,2%) жасалатын және интернет-алаяқтық (32,7%).

Сауалнама көрсеткендей, респонденттердің жартысынан көбі қаржылық алаяқтықпен таныс - 55,8%.

Көбіне бұл телефон арқылы жасалатын алаяқтық – «вишинг» (34,2%) және интернет-алаяқтық – «фишинг» (32,7%).

Сауалнамаға қатысқандардың 21,6% қаржы пирамидасы ұйымдастырған алаяқтыққа куә болған, ал 11,5% төлем карталары бойынша алаяқтыққа тап болды.

Бұл ретте алаяқтардың азаматтармен байланысының ең көп тараған тәсілдері - ұялы немесе қалалық телефонға қоңырау шалу (51,5%), сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенжердегі хабарлама (33,4%).

56% жағдайда мұндай құқық бұзушылықты танып-білуге болады, алайда респонденттердің қалған 44% мұндай құқық бұзушылықты уақтылы анықтай алмаған.

Алаяқтардың айла-амалдарына көбіне аға буын өкілдері сенім артады, өйткені сауалнамаға қатысқандардың 50,7% (63+) алаяқтық пиғылды ажырата алмаған.

Белгілі болғандай, алаяқтарға ерлерге (42,6%) қарағанда әйелдер (45,3%) көбірек сеніп қалған.

Өңірлер бойынша Алматы және Шымкент қалаларында (49,3%-дан), Шығыс Қазақстан облысында (48,7%) және Астана қаласында (48%) «Жоқ, танып-білу мүмкін болмады» деген жауап нұсқасы жоғары көрсеткішке ие болып отыр.

Бұл көрсеткіштер, ең алдымен, ірі қалаларда кәсіби экономикалық алаяқтықтың даму тәуекелінің жоғары деңгейде екенін көрсетуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар
telegram