Алаяқтығы үшін 12 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың 17 қыркүйегінде Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықтың 13 эпизоды бойынша күдікті адамды ұстады.

«Жезқазған – Петропавл» тас жолында адам қағып, мерт қылған жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылы маусым айында күдікті Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшердегі ақшаны заңсыз иемденген.

12 жыл бойы күдікті есімін өзгертіп, жалған құжаттармен жүрген.

«Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», Ақмола облысының прокуратурасы.

Осыған дейін Бас прокуратураның сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіруді күшейткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар