Алаяқтықпен банктің 31 млн. доллардан астам қаржысын иемденіп кеткен

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Бразилия полициясы лотереямен $31 млн. астам сомаға алаяқтық жасаған қылмыскерлерді тұтқындады.

Алаяқтықпен банктің 31 млн. доллардан астам қаржысын иемденіп кеткен

Банк қызметкерінің көмегімен қаскүнемдер банкте басқа адамның атына лотерея ойындарымен байланысты есепшот ашқан. Бұдан соң олар қолдан жасалған лотерея билетін көрсетіп, өз есепшоттарына ақша аудартып отырған, бұл қаражат кейіннен басқа есепшоттарға аударылған, деп хабарлайды «Газета.Ru».

Құқық қорғау органдары ұрланған қаражаттың 70 пайызының есепшоттан алынуына тосқауыл қойды.

Қылмыскерлермен сыбайлас болған банк қызметкері де тұтқындалды. Полиция қылмыстық іске Мараньян штаты депутаттарының бірінің көмекшісінің қатысы бар деп күмәнданады. Алаяқтардың 29 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін.