Албанияда екі қыздың құрметіне мешіт ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Албания мемлекетінің солтүстік-батысында орналасқан Шкодер қаласында мешіт ашылды, деп хабарлады www.muslim.kz.
Жаңа құлшылық ордасының атауы да айрықша: «Екі қыздың мешіті: Сары және Шехд»
Мешттің салтанатты ашылу шарасы Шкодер мүфти Мухаммед Ситари, Дін істері комитетінің төрағасы Илир Хохоли, Қалалық кеңес төрағасы Махид Кангу және Албан Ислам институтының президенті Рамиз Зекай қатысып, тілектерін білдірді. Салтанатты шарадан соң жиналғандар мешіт ішіне кіріп, жамағатпен бірге намаз оқылды.
Жаңа құлшылық ордасына осыдан екі жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған екі қыздың есімі берілген. Олардың әкесі Ахмед әл-Шей мешітті қайырымдылық шарасы ретінде тұрғызған көрінеді.