18:43, 11 Наурыз 2020 | GMT +5
Албанияда коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Албанияда жаңа коронавирустан бір өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті Koha Jone газеті елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ол созылмалы ауруы бар 73 жастағы науқас болып шықты.
Бұған дейін Конго Демократиялық Республикасы мен Ямайкада коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталғанын хабарлаған болатынбыз.