Албанияда полиция бөлімшесіне шабуыл жасалып, 10 адам жарақат алды
АСТАНА. KAZINFORM — Албания астанасы Тиранада наразылық білдірушілердің полиция бөлімшесіне шабуылы салдарынан 10 полицей жарақат алды. Бұл туралы жергілікті ATA ақпарат агенттігі хабарлады.
Албания ұлттық полициясының басшысы Скендер Хита шабуыл жасағандардың бетперде кигенін айтты.
— Олар полиция ғимараты мен қызметкерлерге молотов коктейльдерін, пиротехникалық заттар мен тас және басқа да ауыр заттарды лақтырды, — деді ол.
Албания астанасында тәртіпсіздіктер 13 қазаннан бері жалғасып келеді. Білім алу құнының қымбаттығына және оқу жағдайының нашарлығына қарсы шыққан студенттердің наразылығы құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласқан.
Құқық қорғау күштері наразылық білдірушілерді тарату үшін су атқыш машиналарды, көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтарды қолданған.
Ереуіл басталғалы бері елде 200-ден астам адам жарақат алған. Олардың 130-дан астамы полиция қызметкерлері.
Айта кетейік, Бельгияда жастар мен полиция арасында қақтығыс болды.