Албанияда жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Албанияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-жерорта теңізі сейсмикалық орталығынан мәлім етті.

Албанияда жер сілкінді

Оқыс оқиға 4:59-да тіркелді. Зілзала кіндігі Тиранадан оңтүстікке қарай 43 шақырым жерде орналасқан.

Қирандылар мен зардап шеккендер жайлы хабарланбай отыр.