Албанияда зілзаладан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті, 600-і зардап шеккен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Албанияда болған жер сілкінісінен кем дегенде 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат France Presse агенттігіне сілтеме жасап.

Албанияда зілзаладан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті, 600-і зардап шеккен

Бұған дейін Exit порталы 16 адам мерт болып, 600 адам зардап шеккенін хабарлаған. 43 адамды үйінділер арасынан алып шығудың сәті түскен.

Ел астанасы Тиранада 500-ге жуық ғимарат қираған, сондай-ақ Дуррес қаласына зор шығын келген.

АҚШ Геология қызметінің мәлімдеуінше, 6,4 магнитудалы зілзаланың эпицентрі Тирананың жанындағы Шиджак қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырымда болған.

Зілзала ошағы 10 км тереңде орналасқан.

Дүмпуді Солтүстік Македония, Сербия, Черногория, Босния және Герцеговина, Грекия, Хорватия және Италия тұрғындары да сезген.